Проба пера
Представляем вашему вниманию стихотворения учащихся нашей школы.
Тәуелсіздік толғауы
Тәуелсіздік – шуағы келіп жеткен
Армандаған ,сан ғасыр бабаларым,
Сара жолдың ізімен ,салып кеткен
Керейменен Жәнібек даналарым.
Тәуелсіздік – алауы қазағымның,
Қайта туған, бақыты азат күннің.
Ахмет ,Мағжан, Ілияс армандаған,
Жер жаһанға жаятын алаш үнін.
Тәуелсіздік – ырысы берекемнің
Таныды әлем ,елімнің кең екенін.
Елі үшін , бәйгеге басын тіккен
Тәуелсіздік арманы еді ,Хан Кененің
Өз елім,өз жерім – байтақ далам
Көркіне көз жоқ шығар, тамсанбаған
Тәуелсіздік - қан мен тері ұл-қыздардың,
Кешегі Желтоқсанда ұлт үшін арланбаған.
Айдарбекова Айдана, 11 кл.
Тәуелсіздігім – байлығым!
Тәуелсіз елім тірегім!
Өзіңде ойнап,күлемін!
Аман бол,елім өркенде!
Сені ойлап соғар жүрегім!
25 жыл – құтты болсын мерекең!
Жасай бер елім ,жасай бер жерім құт мекен!
Тимесін сөзім,тимесін көзім –Тәуелсіздігім,
Елімнің мынау ,маңдайына біткен бақ па екен?!
Мәңгі елім – сені ғана сүйемін
Саған ғана бұрып тұрар жүрегім,
Бақытты елдің ұланымын өйткені,
Тәуелсіздігімді «байлығым»- деп білемін.
Бауыржанова Томирис, 9Б кл.
Тәуелсіз елім – жасай бер!
Қуанып жатыр ,қаласыменен даласы,
Қуанып жатыр қарттарыменен баласы.
Қуанып жатыр , дүібірлі тойды бүгінде,
Тойлатып жатыр , Алтай мен Атырау арасы
Тойламай қайтсін,Тәуелсіздігім қымбат қой,
25 жыл -қажырлы еңбек,салмақты ой
Тойламай қайтсін , Тәуелсіздік тарихым,
Жетпіс жыл жүріп , босаған елім азат қой
25 жасың құт болсын Тәуелсіздігім!
Алаңсыз сенде, аламыз білім біз бүгін.
Тәуелсіз елім жасай бер мәңгі, болсыншы аман Елбасым!
Тәуелсіз елдің , ұстаған ұлы тізгінін.
Жашенова Жансая, 7 Б кл.